Еуропа лигасы: Бірінші кезеңде «Астана» «Манчестер Юнайтедпен» тең түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дәл қазір футболдан UEFA Еуропа лигасы топтық кезеңінде елордалық «Астана» мен Англияның «Манчестер Юнайтед» командалары арасындағы кездесудің алғашқы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрын «Манчестер Юнайтед» командасының бас бапкері Уле Гуннар Сульшер бүгінгі ойынға негізінен жастарды шығарғанын хабарлаған едік.

«Манчестер Юнайтед» командасының бас бапкері Уле Гуннар Сульшер бүгінгі кездесуде негізінен жастарға сенім артатынын айтқан еді. Тіпті, бүгін жанкүйерлер Давид де Хеа, Антони Марсьяль, Поль Погба, Джесси Лингард секілді ойыншылар қосалқы құрамға да енгізілген жоқ.

Ал «Астананың» бас бапкері Роман Григорчук бұрыннан еурокубокта ойын көрсетіп жүрген тәжірибелі футболшыларға сенім артты.

«Манчестер Юнайтед» жастары алғашқы минуттан ойын тізгінін қолға алуға тырысты. «Астана» қақпасы маңында көптеген шабуыл ұйымдастырды.

«Астана» ойыншылары алаң иелерінің қателігін пайдалануға тырысты. Осындай сәттердің бірінде елордалық клуб шабуылшысы Роман Муртазаев өз мүмкіндігін мүлт жіберіп алды. Бірінші кезең 0:0 есебімен тең аяқталды.

Айта кетерлігі, бұған дейін Еурокубок ойындарында ел намысын қорғаған қазақстандық клубтар бірде-бір мәрте Англия клубымен кездесіп көрген емес. Сондықтан «Астана»-«Манчестер Юнайтед» кездесуі қос елдің командалары арасындағы тарихи ойын саналады.



Соңғы жаңалықтар