Еуропа лигасы: «Астананың» «Манчестер Юнайтедке» қарсы құрамы белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Еуропа лигасы топтық кезеңінде елордалық «Астана» сырт алаңда Англияның «Манчестер Юнайтед» командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Манчестер Юнайтед» командасының бас бапкері Уле Гуннар Сульшер алғашқы минуттан Серхио Ромеро, Диогу Дало, Фил Джонс, Аксель Туанзебе, Маркос Рохо, Неманья Матич, Эйнджел Гомес, Фред, Маркус Рэшфорд, Тахит Чонг, Мейсон Гринвуд сынды футболшыларға сенім білдірді. Ал қосалқы құрамда Ли Грант, Гарри Магуйар, Хуан Мата, Джесси Лингард, Эшли Янг, Джеймс Гарнер, Скотт Мактоминей сынды ойыншылар бар.

«Астананың» бас бапкері Роман Григорчук өз командасында Ненад Эрич, Дмитрий Шомко, Жарко Томашевич, Евгений Постников, Антонио Рукавина, Иван Маевский, Лука Шимунович, Рунар Мар Сигурьонссон, Роман Муртазаев, Марин Томасов, Дорин Ротариу сынды футболшыларды жасыл алаңға шығаратын болады. Елордалық клубтың қосалқы құрамына Александр Мокин, Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Юрий Перцух, Серікжан Мужиков, Фирмин Мубеле, Рангело Янга енгізілген.

«Манчестер Юнайтед» командасының бас бапкері Уле Гуннар Сульшер бүгінгі кездесуде негізінен жастарға сенім артатынын айтқан еді. Расында, бүгін жанкүйерлер Давид де Хеа, Антони Марсьяль, Поль Погба, Джесси Лингард секілді ойыншыларды көре алмайды.

Ал «Астана» бұрыннан еурокубок бәсекелерінде ойын көрсетіп жүрген тәжірибелі футболшыларға үміт артады.

Айта кетерлігі, бұған дейін Еурокубок ойындарында ел намысын қорғаған қазақстандық клубтар бірде-бір мәрте Англия клубымен кездесіп көрген емес. Сондықтан «Астана»-«Манчестер Юнайтед» кездесуі қос елдің командалары арасындағы тарихи ойын саналады.

«Манчестер Юнайтед» және «Астана» арасындағы кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 01.00-де әйгілі «Олд Траффорд» стадионында басталады. Кездесу QazSport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар