Еуропа Лигасы: «Астана» - «Яблонец» ойынында жерлестеріміз есеп ашты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» ФК өз алаңында Еуропа лигасы топтық кезеңінің 4-туры аясында Чехияның «Яблонец» командасымен ойнап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын алғашқы минуттардан қыза түсті. Әсіресе өз жанкүйерлерінің көз алдында бірінші нөмірмен ойнауға тырысқан елордалық ұжымның шабуылдары қауіпті бола түсті.

18-минутта бұрыштамадан кейін қолайлы позицияда тұрған 11-нөмірдегі Педро Энрике гол соғып, алаң иелерін алға бастады. 

Еске сала кетсек, матч «Астана Арена» стадионында өтіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар