+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Еуропа лигасы: «Астана» топтық кезеңге жете ала ма

2020 жылғы 17 қыркүйек 09:39
Бөлісіңіз:
Еуропа лигасы: «Астана» топтық кезеңге жете ала ма

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Астана» UEFA Еуропа лигасы екінші іріктеу сатысында Черногорияның «Будучность» командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі үшін қанша гонорар төленді Роман Креч конькимен жүгіруден «В» тобында - үздік үштікте Конькимен жүгіруден әлем кубогі: Екатерина Айдова кіші алтын еншіледі

Естеріңізге сала кетелік, «Астана» алдымен UEFA Чемпиондар лигасында сынға түсті. Турнирдің алғашқы іріктеу сатысында Беларусьтің «Динамо» (Брест) командасынан 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Ал «Будучность» сол турнирдің алғашқы сатысында Болгарияның «Лудогорец» клубынан 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша екі команда да енді жарысты Еуропа лигасында жалғастыруға жолдама алды.

Черногориялық клуб 1925 жылы құрылған. Команда ел астанасы – Подгорице қаласының намысын қорғайды. Клуб 1946 жылы Югославия жоғары лигасына шыққан черногориялық тұңғыш команда болды. 1964/65 және 1976/77 жылғы кезеңде Югославия кубогы финалына дейін жетті. Бұл команданың сол кезеңдегі ең жоғары жетістігі саналады.

Команда құрамында кәріқұрлықтағы белгілі клубтарда ойын көрсеткен футболшылар бар. Олардың қатарында Испанияның «Эспаньолында» доп тепкен Бранко Брнович, Италияның «Миланының» намысын қорғаған Деян Савичевич, Испанияның «Валенсия», «Реал Мадрид», «Леванте», Италияның «Фиорентина» клубтарының жейдесін киген Пиодраг Миятович секілді ойыншылар жиі айтылады. Қазір команда құрамында негізінен черногориялық футболшылар ойын көрсетеді.

Черногорияның өз чемпионатында 2007/08, 2011/12, 2016/17, 2019/20 жылғы кезеңде төрт мәрте чемпион атанды. Сондай-ақ, олар бес мәрте күміс, бір мәрте қола жүлдегер болды. Бірнеше мәрте өз елінің атынан еурокубок ойындарына қатысты. Дегенмен бүгінгі күнге дейін топтық кезеңге дейін жете алған жоқ.

Команда өз алаңындағы ойынын Подгорице қаласында орналасқан «Под Горицом» стадионында өткізеді. Бұл стадионға 15 мыңнан астам жанкүйер сыяды.

Естеріңізге сала кетелік, екі команда арасындағы кездесу 17 қыркүйекте елорда уақытымен 20.00-т-де басталады. Кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT