Еуропа лигасы: «Астана» «Манчестер Юнайтедпен» бір топқа түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Футболдан UEFA Еуропа лигасы топтық кезеңінде елордалық «Астана» Англияның «Манчестер Юнайтед» командасымен ойнайтын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана» ағылшын клубымен бірге L тобына түсті. Олардан өзге бұл топта Сербияның «Партизан», Голландияның «Алкмаар» клубтары бар.

Ал өзге топтарға командалар төмендегіше бөлінді:

А тобы: «Севилья» (Испания), АПОЭЛ (Кипр), «Карабах» (Әзербайжан), «Дюделанж» (Люксембург).

В тобы: «Динамо» (Украина), «Копенгаген» (Дания), «Мальме» (Швеция), «Лугано» (Швейцария).

С тобы: «Базель» (Швейцария), «Краснодар» (Ресей), «Хетафе» (Испания), «Трабзонспор» (Түркия).

D тобы: «Спортинг» (Португалия), ПСВ (Голландия), «Русенборг» (Норвегия), ЛАСК (Австрия).

E тобы: «Лацио» (Италия), «Селтик» (Шотландия), «Ренн» (Франция), ЧФР (Румыния).

F тобы: «Арсенал» (Англия), «Айнтрахт» (Германия), «Стандард» (Бельгия), «Гимарайнш» (Португалия).

G тобы: «Порту» (Португалия), «Янг Бойз» (Швейцария), «Фейеноорд» (Голландия), «Рейнджерс» (Шотландия).

H тобы: ЦСКА (Ресей), «Лудогорец» (Болгария), «Эспаньол» (Испания), «Ференцварош» (Венгрия).

I тобы: «Вольфсбург» (Германия), «Гент» (Бельгия), «Сент-Этьен» (Франция), «Александрия» (Украина).

J: «Рома» (Италия), «Боруссия М» (Германия), «Ыстанбұл» (Түркия), «Вольфсбург» (Германия).

K тобы: «Бешикташ» (Түркия), «Брага» (Португалия), «Вулверхэмптон» (Англия), «Слован Братислава» (Словакия).

Топтық кезең ойындары 19 қыркүйекте басталып, ол 12 желтоқсанда мәресіне жетеді. Финал 2020 жылдың 27 мамырында Польшаның Гданьск қаласындағы «Энерга-Гданьск» стадионында өткізіледі.

Кеше «Астана» Еуропа лигасы плей-офф кезеңінде Беларусьтің БАТЭ командасын қос ойынның нәтижесімен орта жолда қалдырып кетті.




Соңғы жаңалықтар