Еуропа лигасы: «Астана», «Қайрат», «Қайсар» клубтарының қарсыластары анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін UEFA Еуропа лигасы екінші іріктеу сатысының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылорданың «Қайсарына» Кипрдің АПОЭЛ командасы қарсылас атанды. Естеріңізге сала кетелік, кипрлік клуб бұған дейін елордалық «Астанамен» үш мәрте жолы түйісті. Барлығы алты кездесудің екеуінде жеңді. Үшеуінде қарсыласына есе жіберсе, біреуінде тең ойнады.

Ал Алматының «Қайраты» екінші іріктеу сатысында Израильдің «Маккаби» (Хайфа) және Боснияның «Железничар» (Сараево) клубымен жолығады. Алматылық клуб алғашқы кездесуде Арменияның «Ноа» командасын 4:1 есебімен жеңген болатын.

Елордалық «Астанаға» жарыстың бұл сатысында Черногорияның «Будучност» командасы қарсылас атанды. Бұл команда 1925 құрылған. Өз елінде төрт мәрте чемпион атанған.

«Астана» бұдан бұрын Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысында Беларусьтің «Динамо» (Брест) клубына 3:6 есебімен есе жіберді.

Шымкенттік «Ордабасы» алғашқы іріктеу сатысында Румынияның «Ботошани» клубына 1:2 есебімен есе жіберді. Осылайша жарыс жолынан шығып қалды.
Соңғы жаңалықтар