+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Еуропа лигасы: «Астана» қарсыласынан 0:6 есебімен жеңіліп қалды

2019 жылғы 25 қазан 01:16
Бөлісіңіз:
Еуропа лигасы: «Астана» қарсыласынан 0:6 есебімен жеңіліп қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Астана» UEFA Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі үшінші ойынын сырт алаңда Голландияның «АЗ Алкмар» командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футбол: «Қайратқа» ресейлік жартылай қорғаушы келді Футболдан Чемпиондар лигасының финалы кейінге шегерілді Футбол: Қазақстан құрамасының жолдастық кездесу ойындары өткізілмейді

Ойын барысында алаң иелерінің басымдығы байқалып тұрды. Олар алғашқы минуттарда гол соғу мүмкіндігін іздеді. Десе де елордалық футболшылар оларға лайықты қарсылық көрсетті. Ойынның 39-минутында қазақстандық клубтың қақпасына пенальти белгіленді. Оны Теун Коолмейнерс мүлт жіберген жоқ. Ал 43-минутта Мирон Боадю есепті үстеді.

Бірінші кезеңде «Астана» екі ойыншысын алмастыруға мәжбүр болды. Алған жарақатына байланысты Ненад Эричті Александр Мокин алмастырды. Одан кейін қорғаушы Абзал Бейсебековтің орнына Антонио Рукавинаны шығарды.

Екінші кезеңде елордалық футболшылар гол соғатын бірнеше мүмкіндікті пайдалана алған жоқ. Алаң иелері ойын тізгінін өз қолында ұстауға тырысты. Ал 77-минутта голландиялық Калвин Стенгс «Астана» қақпасына тағы бір гол соғып кетті. Ал 83-минутта Теун Коолмейнерс пенальтиден өзінің екінші голын соқса, 85-минутта Юкинари Сугавара мергендік танытты. Алаң иелері қатарынан 90-минутта Уссама Идрисси қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша «Астана» қарсыласынан 0:6 есебімен жеңіліп қалды.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын «Астана» топтық кезеңде екі ойын өткізіп үлгерді. Алдымен сырт алаңда Англияның «Манчестер юнайтед» клубынан 0:1 есебімен жеңілсе, одан кейін өз алаңында Сербияның «Партизанына» 1:2 есебімен жол берді.

Енді «Астана» 7 қараша күні бүгінгі қарсыласымен елордада кездеседі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT