Еуропа лигасы: «Астана» бірінші кезеңнен кейін АПОЭЛ-мен тең түсіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәл қазір елордалық «Астана» Еуропа лигасы плей-офф кезеңінде сырт алаңда Кипрдің АПОЭЛ командасымен кездесіп, бірінші кезеңнен кейін 0:0 есебімен тең түсіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын алма-кезек шабуылмен өрбіді. Екі команданың да есеп ашатын мүмкіндіктері болған. Дегенмен, екеуі де ол мүмкіндіктерді пайдалана алған жоқ. Айта кетерлігі, «Астана» бұл ойынды бас бапкерсіз өткізіп жатыр. Украиналық маман Роман Григорчук белгісіз себептермен өз қызметінен уақытша кетті. Соған байланысты бұл міндетті Роман Бабаян атқару үстінде.

Екі команда бұған дейін де еурокубок ойындарында шеберлік байқасқан. Алғаш рет олардың 2015 жылы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде жолы түйісті. Елордада өткен ойында қарсыласын 1:0 есебімен жеңген «Астана» сырт алаңда 1:1 есебімен тең нәтижеге қол жеткізді. Осының арқасында олар өз тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Одан кейін екі команда Еуропа лигасында В тобында сынға түсіп, қос ойында 2:1 есебімен екі команда алма-кезек жеңіске жетті.   

Соңғы жаңалықтар