Еуропа лигасы: «Астана» андорралық қарсыласымен тең түсіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңі аясында елордалық «Астана» сырт алаңдағы Андорраның «Санта-Колома» командасымен кездесуде. Матчтың бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші кезеңнен кейін екі команда тең түсіп жатыр. Есеп ашылатын бірнеше мүмкіндік болған еді. Оның ешқайсысы голға айналған жоқ.

«Санта-Колома» - Андорраның белгілі клубының бірі. Бұған дейін Еурокубок ойындарына тұрақты қатысып келеді.

Бірінші кезеңде «Астана» сапында Ненад Эрич, Антонио Рукавина, Марин Аничич, Евгений Постников, Лука Шимунович, Юрий Логвиненко, Иван Маевский, Рунар Мар Сигурьонссон, Марин Томасов, Роман Муртазаев және Дорин Ротариу шықты.

Ал «Санта-Колома» бапкерлері оларға қарсы Элой Касальс, Мойсес Сан-Николас, Хуанма Миранда, Андреу Рамос, Чус Рубио, Андре Азеведу, Педро Сантос, Марк Ребес, Чус Соса, Пи, Диего Нахера сынды футболшыларды қойды.

«Санта-Колома» біз ойлағандай оңай команда емес екенін көрсетті. Бірінші кезеңде «Астанаға» лайықты қарсылық таныта білді. Ойын барысында тек қорғаныста жүрген жоқ. Қолайлы сәт туғанда алдыңғы шептен де көрініп жатты.

Кездесу барысында ойын тізгіні «Астана» қолында болды. Біздің команданың гол соғатын екі мүмкіндігі туған еді. Дегенмен, оны тиімді пайдалана алған жоқ.

Соңғы жаңалықтар