Еуропа лигасы: «Арсенал» алғашқы ойында «Спортингті» жеңе алмады

None
Фото: CARLOS RODRIGUES/GETTY IMAGES
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін UEFA Еуропа лигасы 1/8 финалындағы алғашқы ойындар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың аталған сатысында 1/16 финалында жеңімпаз болған 8 команда қатарына топтық кезеңде бірінші орын алған клубтар қосылды. Енді командалар ширек финал жолдамасын сарапқа салады.

Англияның «Арсенал» клубы сырт алаңда Португалияның «Спортинг» командасымен 2:2 есебімен тең түсті. Ал Италияның «Ромасы» Испанияның «Реал Сосьедад» клубын 2:0 есебімен тізе бүктірді.

Еуропа лигасының 1/8 финалындағы жұптардың тізімі:

«Унион Берлин» (Германия) - «Юнион Сен-Желуаз» (Бельгия) 3:3

«Севилья» (Испания) - «Фенербахче» (Түркия) 2:0

«Ювентус» (Италия) - «Фрайбург» (Германия) 1:0

«Байер» (Германия) - «Ференцварош» (Венгрия) 2:0

«Спортинг» (Португалия) - «Арсенал» (Англия) 2:2

«Манчестер Юнайтед» (Англия) - «Бетис» (Испания) 4:1

«Рома» (Италия) - «Реал Сосьедад» (Испания) 2:0

«Шахтер» (Украина) - «Фейеноорд» (Нидерланды).1:1

Енді 1/8 финалдық сатысындағы қарымта ойын 16 наурызға белгіленген.

Еске салсақ, бұдан бұрын Чемпиондар лигасы ширек финалына шыққан төрт команда белгілі болды.


Соңғы жаңалықтар