Еуропа лигасы: «Ақтөбенің» келесі қарсыласы - «Брейдаблик»

None
None
АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - Кеше, Еуропа лигасы аясындағы кезекті іріктеу ойынын өткізген «Ақтөбе» футбол клубы өз алаңында норвегиялық «Хедд» командасын жеңіп,

келесі айналымға жолдама алды.

Бұған дейінгі ойында «Ақтөбе» өз қарсыластарына 0:1 есебімен жол беріп қойған болатын. Сондықтан осы жолы кем дегенде екі ұпаймен басым түсу керек еді. Қазақстанның командасы осы мақсатты ойдағыдай орындап шықты. Есеп - 2:0. Бұл матчта «Ақтөбе» сапында ойнап жүрген ресейлік легионер Сергей Давыдов екі бірдей голдың авторы атанды. Келесі айналымда біздің команда Исландияның «Брейдаблигімен» кездеседі.

Соңғы жаңалықтар