Еуропа лигасы 1/8 финалдық кезеңінің жеребесі тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Еуропа лигасы 1/8 финалдық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еуропа лигасы топтық кезеңінде елордалық «Астана» клубымен L тобында сынға түскен Англияның «Манчестер Юнайтеді» енді Австрияның ЛАСК командасымен кездеседі. Ағылшындық клуб 1/16 финалда Бельгияның «Брюгге» клубын (5:0, 1:1) орта жолда қалдырып кетті.

Сондай-ақ, 1/8 финалда «Истанбул Башакшехир» (Түркия) - «Копенгаген» (Дания), «Олимпиакос» (Грекия) - «Вулверхэмптон» (Англия), «Рейнджерс» (Шотландия) - «Байер» (Германия), «Вольфсбург» (Германия) - «Шахтёр Донецк» (Украина), «Интер» (Италия) - «Хетафе» (Испания), «Севилья» (Испания) - «Рома» (Италия), «Айнтрахт» (Германия)/«Ред Булл Зальцбург» (Австрия) - «Базель» (Швейцария) командалары кездеседі.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 1/16 финалдағы «Айнтрахт» (Германия) - «Ред Булл Зальцбург» (Австрия) арасындағы ойын бүгін, 28 ақпанда болады.

Финал 27 мамырда Польшаның Гданьск қаласындағы «Энерга-Гданьск» стадионында өткізіледі.

Естеріңізге сала кетелік, 27 ақпанда Еуропа лигасы 1/16 финалдық сатысының қарымта ойындары өткізілді.


Соңғы жаңалықтар