Еуропа Комиссиясы Хорватияны Шенген аймағына қосуды ұсынды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропа Комиссиясы Хорватияны Шенген келісіміне мүше елдер қатарына қосуды ұсынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«Еурокомиссия 2016 жылдан бергі Шенген бағалауының нәтижесі бойынша, Хорватия Шенген келісімінің ережелері мен стандарттарын толыққанды қолдануға қажетті шараларды іске асырғаны дәлелін тапты», - делінген Еурокомиссияның сейсенбіде жарияланған коммюникесінде.

Хорватия қазіргі жұмыстарды жалғастыра береді. Атап айтқанда, одан кейін де Шенген шарттарының орындалуын қамтамасыз ету үшін сыртқы шекараларды басқару шараларын тоқтатпайды.

Бұдан бөлек, Еуропа комиссиясы Хорватияның Шенген ережелерімен байланысты міндеттемелерін орындап отырғанын растады.

Осыған байланысты, Комиссия Еуропа одағын Хорватияны Шенген аймағына қосу мәселесін талқылауға шақырды.

Айта кетейік, Шенген аймағына ЕО-ның 22 елі (Аустрия, Бельгия, Дания, Франция, Финляндия, Германия, Грекия, Италия, Люксембург, Нидерланд, Португалия, Испания, Швеция, Чехия, Эстония Венгрия, Латвия, Литва, Мальта, Польша, Словакия және Словения), сондай-ақ Еуроодаққа мүше емес 4 мемлекет (Норвегия, Исландия, Швейцария және Лихтенштейн) кіреді.

Автор:

Тимур Дюсекеев

Соңғы жаңалықтар