Еуропа Кеңесінің өкілдері Қазақстандағы саяси реформаға жоғары баға берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров екіжақты консультациялар шеңберінде Страсбургтегі (Франция) Еуропа Кеңесінің Хатшылығына сапар шекті.

Консультациялар бағдарламасы Омбудсменнің Хатшылықтың сыртқы байланыстар, сот төрелігі және құқықтық ынтымақтастық жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі Комиссар басқармасының, Еуропалық сот тіркеу орнының және Венеция комиссиясының басшыларымен бірқатар кездесулерін қамтиды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің баспасөз қызметі.

Келіссөздер барысында Еуропалық Одақ пен Еуропа Кеңесінің Қазақстанның сот төрелігі жүйесін жетілдіруге көмек көрсету жөнінде бірлескен бағдарламасын жүзеге асыру барысы талқыланды.

Консультацияларға қатысушылар жоғарыда көрсетілген бағдарлама шеңберіндегі ынтымақтастықтың тиімділігі туралы ортақ пікір білдірді.

А.Шәкіров әріптестеріне Қазақстан Республикасының Негізгі Заңына енгізілген Омбудсменнің жаңа конституциялық мәртебесіне және алдағы уақытта Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатымен оны сайлау тәртібіне байланысты өзгерістер туралы толықтай хабардар етті.

Еуропа Кеңесінің өкілдері Қазақстанда болып жатқан өзгерістерге жоғары баға берді.

Соңғы жаңалықтар