Еуропа қазақтарының құрылтайында не айтылды

None
Фото: «Отандастар қоры»
АСТАНА. ҚазАқпарат – Германияның Кельн қаласында Еуропа қазақтарының кезекті құрылтай өтіп жатыр. «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті Абзал Сапарбекұлы аталмыш щараның аясында қандай мәселелер талқыланып, шешімдер қабылданған туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еуропадағы қазақ ұйымдарының басшылар мен жалпы осында тұрып жатқан қазақтардың басқосу өтіп жатыр. Бұл құрылтай үшінші рет Германияның Кельн қаласында өтіп жатыр. Еропадағы құрылтай 2005 жылы осы Кельн қаласынан басталған. Былтыр Парижде өткенін білесіздер. Сол кезде бұл құрылтайға Түркиядан көшіп келген Еуропа қазақтарының ғана емес, осында қызмет бабымен, білім іздеп келген қазақтардың да басқосуы болсын деген бастама айтылған еді.

Кешегі өткен ұйым басшыларының кездесуіне 15 елден 20 қазақ ұйымы қатысты. Сонымен қатар Германияда тұрып жатқан бұрынғы отандас неміс ұлтының өкілдері де қатысты», - дейді қор басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, кешегі жиында негізінен үш мәселе талқыланған.

«Еуропа қазақтары өзара ынтымақ пен байланысты нығайту үшн не істеу керек деген сұраққа жауап іздедік. Еуропадағы қазақ ұйымдарының «Отандастар» қорымен өзара ықпалдастығын, бірлескен жобалар қандай болу керектігін талқыладық. Сондай-ақ, Еуропадағы қазақ диаспорасы мен Қазақстанның арасында қандай байланыс, бірлескен жобалар жасалу керектігі сөз болды.


Ашығын айту керек, бұл жердегі қандастарды толғандырып отырған мәселе – Қазақстандағы ұлттық мүдделер. Оның ішінде қазақ тілінің мәселесі бар. Мемлекеттік тілід Қазақстан таумағында ғана емес. Еуропа қазақтарының арасында да дәріптеу жағы талқыланды. Өйткені бұл жерде қазақ жастары қазір үлкен ассимиляциядан өтіп жатыр», - деді ол.

Абзал Сапарбекұлы шетелде тұрып жатқан қазақтардың Қазақстанға емін-еркін барып, ұзақ мерізмде қалуы, демалысқа, оқуға баруы сияқты мәселелер де көтеріліп жатқанын айтады.

«Отандастар» қорының аясындағы жобаларды, қазақ тілін үйрету, ұлттық спорт, қолөнер, шеберлік сияқты курстарды одан әрі жалғастыру қажеттігі де айтылды. Жалпы қазақ жастарына бағытталған жобаларды көбірек жасау туралы ұсыныстар көтерілді.

Құрылтайға жиылған қауымды шараға Қазақстан Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев мырзаның қатысуы қуантып отыр. Мәлік Отарбаев құрылтайға келген қазақтарға Президентітң арнайы лебізін жеткізді. Мұны Еуропа қазақтары мемлекеттік деңгейдегі қамқорлық деп бағалап отыр.


Кешегі ұйым басшыларының жиналысынан кейін алғаш рет Еуропаның 8 елінен келген ең белсенді, білімді зиялы қазақ жастарының 50 өкілінің басқосуы өтті. Осы басқосудың қорытындысы бойынша Еуропадағы қазақ жастарының альянсын құру туралы шешім қабылданды», - дейді қор президенті.

Келешекте альянстың кеңес мүшелері сайланып, түрлі бағыттағы комитеттері құрылмақ. Ал келесі жылы Еуропадағы қазақ жастарының ауқымсды басқосуын өткізу жоспарланып отыр.

«Яғни, Түркиядан Еуропаға тараған қазақтардың аға буыны осындай ұйымдарды құрып берді. Енді сол ізгі істің етек жаюы қазіргі жастардың қолында. Қазірден бастап соған ие болып, тасалысып, қазақ интеграциясының дамуына қызмет ету керектігі айтылды.


Бүгінгі басқосу той сияқты өтіп жатыр. Қазақтың ұлттық өнері дәріптеліп, шеберлық сабақтары өтіп жатыр. Асық және Тоғызқұмалақ федерациясының өкілдері шеберлік сағатын өткізуде. Тараз бен Атыраудан қолөнер шеберлері келіп өз шеберліктерін паш етіп жатыр. Ұлттық киім брендтерінің кһрмесі өтіп, фотосессиялар ұйымдастырылып жатыр. Еуропаның 8 елінен бір-бір команда, қазақстан екі футбол командасы келіп, турнир өткізіп жатыр.

Ертең құрылтайды салтанаты жабылу рәсімі болады. Бұл жерге Германиядағы Елшіміз қатыспы, сайыстар мен байқаулардың жеңімпаздары марапатталады. Оның соңы Қазақстан мен Еуропаның түкпі-түкпірінен келген өнер иелерінің үлкен концертіне ұласады», - деді Абзал Сапарбекұлы.


Соңғы жаңалықтар