Еуропа елдері рождествоны тойламауы мүмкін

None
None
ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Еуропаның бірнеше елінің үкіметі жұма күні рождествоны тойлауға әлі ерте деп ескертіп, карантиндік шектеулер желтоқсанның соңында күшінде қалуы мүмкін екендігін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Бұл туралы Швеция, Ирландия және Франция билігі мәлімдеді. Сондай-ақ Еуропаның кей елдері карантин тәртібін қатаңдатып жатыр.

Кейінгі тәулікте Италияда 40 902 адам коронавирус жұқтырып, рекордтық көрсеткішке жетті.

АҚШ-тағы жағдай да мәз емес. Жұма күні Калифорнияда инфекцияға шалдыққандар саны миллионнан асты. Бұған дейін мұндай көрсеткіш Техас штатында тіркелген. Штат билігі жаңа шектеу шараларының енгізілетінін мәлімдеді, калияфорниялықтарға қатты қажеттілік болмаса штаттан шықпауды сұрады. Осындай шектеулерді жұма күні Орегон және Вашингтон штаттарының әкімшілігі енгізді.


Соңғы жаңалықтар