Еуропа елдері қуаңшылықтан зардап шегіп отыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аптап ыстық пен қуаңшылықтан Еуропа елдерінің ауыл шаруашылығы мен басқа да салалары зардап шегіп отыр. Судың тапшылығы фермерлерге ғана емес, туризм нысандарына да қиындық туғызған. Себебі, кейбір қонақүйлер сусыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Румыниядағы жүгері егістігі қурап қалған. Жергілікті шаруалар өнімнің төрттен бір бөлігін де ала алмауымыз мүмкін деп алаңдаулы.

Ал, Италиядағы По өзені алқабында күріш егістігі қурап жатыр. Өзеннің жоғарғы жағында су жетіспейді, ал сағасына қарай топырақ тұзды болып кеткен. Фермерлер биыл әдеттегі егіннің үштен бір бөлігі жиналса деген үмітте.

Франция 1961 жылдан бері болмаған қуаңшылыққа тап болды. Жауын-шашын мөлшері кейінгі 30 жылдағы орташа нормадан 84 пайызға төмендеп кеткен. Бұл елде қазір туристік маусымның қызған шағы. Ал, Вогезы таулы аймағындағы Жерарме қаласына мыңдаған саяхатшыларды тартатын өзен тамыздағы үйреншікті мөлшерден 15-20 см таязданған. Мұнда ауыз сумен жабдықтау тоқтатылып, бұл жергілікті қонақүйлер мен қоғамдық тамақтану орындарына қиынға соғып отыр.


Соңғы жаңалықтар