Еуропа елдері карантин шараларын күшейтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 31 желтоқсаннан бастап Парижде, Лионда, Дижонда және Францияның басқа да қалаларында маска тағып жүру қажет. Бұл жаңа омикрон штамының таралуына қарсы үкімет енгізген жаңа шектеулердің бірі, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews-ке сілтеме жасап.

Соңғы екі күнде Францияда ауру жұқтырғандар саны бір тәулікте 200 мың адамнан асады.

Англия ауруханаларында мереке кезінде аурудың өршу ықтималы жоғары болатындықтан, уақытша бөлімдер ашылып жатыр. Ұлыбританияда COVID-19 анықтайтын тесттер жетіспеуде. Соңғы тәуліктерде онда 189 мың адамның ауруға шалдыққаны тіркелді.
Мұндай жағдай Италияда да байқалуда. Бейсенбі күні онда 127 мың COVID-19 жаңа жағдайы расталды. Бұл бір күн бұрынғы көрсеткіштен 30%-ға жоғары.
Жаңа жылды тойлау тек қана қуаныш емес, аурудың жаңа толқынын да әкелуі мүмкін.
Германияда көптеген жаңа жылдық шаралар тоқтатылды, ауырғандар саны 42 мыңға жеткендіктен отшашу сатуға тыйым салынды.
Испанияда, сонымен қатар, COVID-19 ауруының өсуіне байланысты жүздеген адам жаңа шектеулерге наразылық білдіру үшін Барселона көшелеріне шықты - Каталонияда коменданттық сағат орнатылды және барлық жаңа жылдық шаралар тоқтатылды.
Соңғы жаңалықтар