USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Еуропаның кейбір елдері карантин шараларын күшейтті

2021 жылғы 28 қараша 11:40
Бөлісіңіз:
Еуропаның кейбір елдері карантин шараларын күшейтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропаның бірқатар елі коронавирусқа байланысты шектеу шараларын күшейту туралы айтуда. Бұл туралы ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Кореяда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны бойынша рекорд жаңартылды Халықаралық Паралимпиада комитетінің басшысы Олимпиадаға бара алмайтын болды Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 360 миллионнан асты

Испания билігі вакцинация туралы сертификаттың бар болуына қарамастан инфекцияның таралу қаупі жоғары елдерден келген барлық жолаушылардан коронавирусқа теріс тест талап етуді қолға алуда. Испания ЕО құрамына кірмейтін «тәуекел тобындағы елдер» қатарына 20-ға жуық мемлекеттен басқа барлық елді жатқызады.

Германияда жетекші вирусологтар бүкіл халықтық қатаң карантин енгізуге шақыруда. Дәрігерлер вакцинацияланбаған адамдарды оқшаулауды ұсынады. Эпидемиолог Александр Кекуле: «Біз толық оқшауланбай төртінші толқынды тоқтата алмайтынымызды мойындауымыз керек», — деді.

Австралия коронавирустың жаңа штамының пайда болуына байланысты Африканың тоғыз елінен келгендерге елге кіруге тыйым салды. Бұл - Ботсвана, Зимбабве, Лесото, Малави, Мозамбик, Намибия, Сейшел аралдары, Эсватини және Оңтүстік Африка.

Еске салсақ, Оңтүстік Африка Республикасында коронавирустың 1.1.529 атауы бар жаңа мутациясы анықталған еді.

Бұл нұсқа бұрынғыларға қарағанда әлдеқайда жұқпалы және вакциналардың оған әсері тиімсіз болуы әбден мүмкін екендігі айтылды. Коронавирустың қауіпті делінген жаңа штамына «Омикрон» деген атау берілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT