Еуропа елдері карантин шараларын қайта күшейтіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропа елдерінде коронавируспен ауырған адамдар санының өсуіне байланысты карантин талаптары күшейтілді. Бұл туралы ҚазАқпарат Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК телеграм каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Германияда қатаң шектеулер күшіне енді: Берлин мен Гамбург QR-кодсыз немесе ПТР-тестсіз қоғамдық көлікпен жүруге тыйым салды, Бавария, Саксония және Тюрингияда локдаун жұмыс істей бастады, бірқатар аймақтарда барларға, клубтарға және бордельдерге вакцинациясыз және тестсіз баруға тыйым салынды.

Словакияда жалпы локдаун енгізу жоспарланып отыр. Елде 2 аптаға «қатаң» оқшаулауды енгізу мүмкіндігі талқылануда. Елдің ауруханалары науқастарға лық толып жатыр, локдаунның көмегімен билік Денсаулық сақтау саласына жүктемені азайтып, Рождествода жағдайлардың санын азайтады деп үміттенеді.

Бірқатар елдерде коронавируспен ауыратындардың тәуліктік өсуі бойынша анирекордтар жарияланды: Германияда 66 884 жағдай, Чехияда – 25 864, Оңтүстік Кореяда-4 115 жағдай.


Соңғы жаңалықтар