Еуропа дәрі-дәрмек агенттігі омикронға қарсы тағы бір вакцинаны мақұлдады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропа дәрі-дәрмек агенттігінің (EMA) Адамдарға арналған дәрі-дәрмек комитеті коронавирустың омикрон нұсқасының жаңа және жұқпалы түрлеріне арналған вакцинаны мақұлдады. Бұл туралы ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл нұсқа адамдарды COVID-19-дан қорғау үшін қолжетімді вакциналардың арсеналын одан әрі кеңейтеді, өйткені пандемия жалғасып жатыр және суық мезгілде инфекцияның жаңа толқыны пайда болуы мүмкін», - делінген EMA коммюникесінде.

Құжатта Comirnaty Original/Omicron BA.4-5 вакцинасы кем дегенде алғашқы COVID-19 вакцинациясын алған, 12 жастан асқан адамдарға арналған деп түсіндірілген.

Pfizer/BioNTech жасаған «екі валентті» инъекция – BA.4 және BA.5-тің жоғары инфекциялық нұсқаларына бағытталған және 27 елдің блогында мақұлданған алғашқы түрі.







Ашық көздерден алынған фото

Соңғы жаңалықтар