+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Еуропа дәрі-дәрмек агенттігі COVID-19 емі туралы зерттеуді бастайды

2021 жылғы 7 мамыр 19:50
Бөлісіңіз:
Еуропа дәрі-дәрмек агенттігі COVID-19 емі туралы зерттеуді бастайды

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі COVID-19-ды емдеу үшін жасалған моноклоналды антидене - «сотровимабты» (VIR-7831) нақты уақыт режимінде тексеруді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Зерттеу 6 мамырда Еуроодақтың COVID-19-ды емдеу стратегиясының таныстырылымынан кейін бірден басталды.

Бұл - 2021 жылы COVID-19 терапиясын жеті зерттеу аясында стратегияның мақсатына жетудің алғашқы қадамы болады.

Бұл туралы Еуропалық комиссия мәлімдеді.

Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі коронавирусты емдеуде сотровимабты, оның қауіпсіздігі мен сапасын зерттей бастайды.

Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігінің жылжымалы шолу режимі әдеттегі бағалаудан гөрі жылдамырақ, өйткені дәрі-дәрмек туралы мәліметтер қолжетімді болған кезде талданады.

Егер дәрі-дәрмектер агенттігі сотровимабпен емдеуді мақұлдаса, Еуропалық комиссия оны Еуропа одағында авторизациялау және қолдану шараларын қабылдайды.

ЕО терапия стратегиясы маңызды COVID-19 терапевтикалық құралдарының дамуы мен қолжетімділігін қолдайды және дәрі-дәрмек өндіру, зерттеу, әзірлеу және өндіруден бастап сатып алу мен орналастыруға дейінгі циклды қамтиды.

Стратегия Еуропалық денсаулық сақтау одағы жобасының бір бөлігі саналады.

Ол ЕО барлық елдерін денсаулық дағдарыстарына жауап беру және COVID-19 емдеуге қажетті терапия әдістерін қоса инновациялық медициналық құралдардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін біріктіреді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT