Еуропа чемпионатының мұз айдынында Димаштың орындауындағы ән қойылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлем чемпионы Анна Щербакова мәнерлеп сырғанаудан Еуропа чемпионатында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы «Аве Мария» композициясына өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат dimashnews сайтына сілтеме жасап.

Бұл ән алғаш рет 2021 жылдың 25 тамызында «Новая Волна» жас орындаушылардың халықаралық байқауының жабылу салтанатында көрерменге жол тартқан еді.

«Биылғы 16 қаңтарда қазіргі әлем чемпионы Анна Щербакова осы композициямен көрерменнің жүрегін жаулап алды. Жас ресейлік мәнерлеп сырғанаушы әсерлі қойылымда таңғажайып шығарманы әсерлей түсті», - делінген сайтта.


Фото: instagram.com/teamtutberidzee
Соңғы жаңалықтар