Еуропа чемпионатында ойнайтын Қазақстан футбол құрамасының тізімі жарияланды

None
Фото: kff.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бас бапкер Магомед Адиев Қазақстан ұлттық құрамасының маусым айында өтетін 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысындағы екі ойынына қатысатын ойыншылардың нақты тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық құрама сырт алаңда 16 маусым Сан-Марино, 19 маусымда Солтүстік Ирландиямен кездеседі. Аталған қорытынды тізімге барлығы 27 футболшы енгізілген.

Футболшылардың қорытынды тізімі төмендегіше:

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де - «Ордабасы»), Александр Марочкин («Тобыл»), Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов, Абзал Бейсебеков (барлығы - «Астана»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Ян Вороговский («Моленбек», Бельгия), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Лев Скворцов («Химки», Ресей), Еркін Тапалов («Қызылжар»);

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов («Тобыл»), Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Максим Самородов, Арман Кеңесов (екеуі де - «Ақтөбе»), Асхат Тағыберген («Ордабасы»), Аслан Дарабаев, Эльхан Астанов, Исламбек Қуат (барлығы - «Астана»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов, Владислав Прокопенко (екеуі де - «Астана»), Артур Шушеначев, Вячеслав Швырев (екеуі де - «Қайрат»).

Еске салсақ, бұдан бұрын Маурисио Почеттино «Челси» клубына бас бапкер болды.


Соңғы жаңалықтар