Еуропа біріншілігінде қазақстандық паралимпиадашы чемпион атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 18 мамыр күні Португалияда өтіп жатқан ашық Еуропа біріншілігінде қазақстандық паралимпиадашы Сиязбек Далиев чемпион атанды. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттық паралимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жерлесіміз финалдық сында баттерфляй жузуі бойынша 50м қашықтықты 35,78 секундта жүзіп өтіп, мәреге бірінші жетті.


Айта кетерлік, дәл осы қашықтық Сиязбек үшін негізгі болып табылады, 2018 жылы Джакартада өткен Азия пара ойындарында да осы стильмен алтын медаль иеленген болатын.

Әзірше Сиязбектің жүлдесі командамыз үшін жалғыз болып табылады. Португалия, Мадейра аралында өтіп жатқан жарыс 20 мамыр күні аяқталады.



Соңғы жаңалықтар