Еуропа антиковид шектеулерін қайтара бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Омикрон штамын жұқтырғандардардың қатары күрт өсуіне байланысты Еуропа елдерінің көпшілігі қазіргі антиковид шектеуін күшейтеді немесе бұрынғы талаптарды қайтарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Францияның ұлттық ассамблеясы вакцина өткізу туралы заң жобасын қарауға кірісті. Ол қазіргі санитарлық ережені алмастырады. 12 жастан асқан екпе алмаған 5 млн француз бар мен мейрамханаға, көліктердің көптеген түріне отыра алмайды. 15 қаңтардан бастап ПТР тест тек медициналық мекемелерге кіру үшін қажет болады.

Англияда орта мектеп оқушылары сыныпта маска тағуға міндеттелді. Бұл шара мектептердің алдағы семестрде дәстүрлі оқуға ашық болуына бағытталған.

Грекияда азық-түлік дүкеніне кіру және қоғамдық көлікті пайдалану үшін азаматтардан екі маска немесе қорғаныс деңгейі жоғары маска тағу талап етіледі. Бұдан бөлек, дүйсенбіден бастап барлық мекемелер түнгі 12-де жабылады.

Пандемия басталғаннан бері әлемде 5 438 312 адам COVID-19 құрбаны болды. Ең қатты зардап шеккен мемлекеттердің тізімінде АҚШ, Бразилия, Үндістан және Ресей көш бастап тұр.


Соңғы жаңалықтар