Валюта бағамдары:
    usd/kzt 447.9 eur/kzt 482.16

    rub/kzt 5.54 cny/kzt 63.46
Ауа райы:
Астана+36+38℃
  Jańalyqtar  >

Еуропа, АҚШ, Жапония банктерінің нарықтағы құны наурыз айының басынан бері 459 млрд долларға төмендеді

2023 жылғы 18 наурыз, 23:31

ЛОНДОН. ҚазАқпарат - АҚШ, Еуропа және Жапонияның ірі банктері акцияларының құны америкалық Silicon Valley банкінің банкротқа ұшырауы мен швейцариялық Credit Suisse-дің проблемалары аясында наурыз айының басынан бері орта есеппен 16%-ға (ақшалай есептегенде 459 млрд доллар) төмендеді. Жұма күні Financial Times газеті өз сайтында осындай баға беріп, бұл 2020 жылдың наурызынан бергі ең үлкен құлдырау екенін жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Басылым реттеушілердің жағдайды тұрақтандыру әрекеттерін әзірге сәтті деп бағалауға болатындығын атап өтті. АҚШ-тың First Republic және Credit Suisse банкінің құлдырау шегіне жеткен акциялары 30 млрд және 54 млрд доллар шұғыл несие алғанына қарамастан, жұма күні құлдырауды жалғастырды.

Басылымның дереккөздері сондай-ақ, болып жатқан жағдайға байланысты америкалық Goldman Sachs бағалы қағаздар саудасында шамамен 200 миллион доллар жоғалтты деп хабарлайды. Банк бұл ақпаратқа түсініктеме бермейді.

Автор:

Смағұлова Еркежан

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар