Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігінің жаңа басшысы белгілі болды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропа одағының сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Федерика Могерини Еуроодақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы қызметіне Свен-Олов Карлссонның кандидатурасы ұсынылғанын мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

Бұл туралы бейсенбі күні Еуропалық сыртқы іс-қимылдар қызметінің сайтында жарияланды.

Айта кетейік, Свен-Олов Карлссон осы уақытқа дейін Еуропа одағының Ресейдегі өкілдігі басшысының орынбасары лауазымын атқарып келді.

 

Соңғы жаңалықтар