Еуроодақтың ішкі шекаралары ашылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус эпидемясына байланысты Еуропа шекарасы үш айға жуық жабық болды. Алайда дүйсенбі түнде, 15 шілдеде олар қайта ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Еуроодақтың ішінде шекарасын ашатын елдер қатарында Бельгия, Германия, Нидерланды, Франция, Швейцария және басқалары бар. Әзірге тек Шенген аймағында ішкі шекаралар ғана ашылады. Бұл тек еуропалықтардың кіруіне рұқсат берілетінін білдіреді. Оның өзінде барлығына емес.

Шенген аймағынан тыс елдер үшін шектеулер сол қалпында өзгеріссіз қалады. Шамасы бұл шектеу тек шілде айында ғана алынуы мүмкін.

«Біз ішкі шекараларды ашуға болатын кезге жеттік. Еуропа комиссиясының осы ұсынымын көптеген елдер қолдап отыр», - деп мәлімдеді Ішкі істер бойынша еурокомиссар Илва Йоханссон.

Алайда Испания шекарасын тек 21 маусымда ғана ашады. Грекияда шекара дүйсенбіден бастап ашылғанымен, эпидемия ауқымды болған Еуроодақ елдерінің азаматтары үшін карантин күші сол қалпында қалады.

Еске сала кетсек, Шенген келісіміне 1985 жылы қол қойылған. Ол тек он жылдан соң толық күшіне енген. Қазір Шенген аймағына 26 мемлекет кіреді. Онда 420 миллион еуропалық өмір сүреді.

Еске сала кетсек, Еуроодақ елдерінің сыртқы шекарасы 1 шілдеден бастап ашыла бастайды.

Соңғы жаңалықтар