Еуроодақтың арнайы өкілі қырғыз-тәжік шекарасындағы шиеленіс туралы пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Еуропалық одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Питер Буриан қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыс туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің ойымша, Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекарадағы қақтығыс шекараны делимитациялау және демаркациялау, бірлескен су ресурстарын басқару маңызды мәселе екенін көрсетіп отыр. Бұл – тез арада шешілуі қажет, өте маңызды сын-қатер деуге болады», - деді Питер Буриан Нұр-Сұлтанда өткен журналистермен кездесуде.

Еуроодақ өкілі шекара мемлекеттерді ажыратпай, керісінше біріктіретін фактор болу керектігін атап өтті

«Біз арадағы келіссөздерді шекараларды басқарудың өңірлік BOMCA бағдарламасы арқылы қолдауға дайынбыз. Бұл бағдарлама 22 миллион еуро көлемінде қаржылай қолдауға ие болды, оған Ауғанстан да кіреді», - деді ЕО-ның Орталық Азия бойынша арнайы өкілі.

Сондай-ақ, ол шекарадағы байланыстардың ынтымақты дамуы өңірдегі есірткі айналымына да тосқауыл болатынын еске салды.

«Шекара маңы ынтымақтастығы мен сауданы дамыту арқылы біз адамдардың еркін қозғалысына, шекарадағы өзге де проблемаларды шешуге ықпал етіп, есірткінің заңсыз айналымы мен контрабандаға тосқауыл қойғымыз келеді. Бүгінгі қақтығыстың бір қыры осыған келіп тіреледі», - деп түйіндеді Питер Буриан.


Авторы Тимур Дүйсекеев


Соңғы жаңалықтар