Еуроодақтың әлеуметтік шығындарының шамамен 20% жұмыспен қамтуды қолдауға бағытталған

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Жексенбі, 1 мамырда Еуропалық Одақ Халықаралық еңбекшілер күнін атап өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы датаға орай, Еуропалық комиссия Еуропаның негізгі әлеуметтік құқықтарына сәйкес, Еуроодақ тұрғындарының еңбек құқықтарын қорғап, оларға жақсы еңбек жағдайын ұсынуға күш салады.

ЕО-ның Жұмыспен қамту және әлеуметтік құқықтар жөніндегі комиссары Николас Шмит: «Еңбекшілер күні Еуроодақтың барша еңбекшілердің еңбек жағдайларын жетілдіруге деген саясатын бағалаудың жақсы мүмкіндігі. Әрине, пандемияға байланысты еңбек нарығындағы көптеген өзгерістерді жедел жүргізу қажет болды. Бұл ретте уақытты біліктілігімізді бейімдеп, жаңа талаптардың қанағаттанарлықтай болуына шығындауға болмайды», -деді Шмит.

ЕО көптеген сала жұмысшыларының құқықтарын нығайту үшін бірқатар нақты қадамдар жасады. Комиссияның ақылға сыйымды ең төменгі жалақы туралы ұсынысына байланысты қазір Еуропарламент және оған мүше мемлекеттермен келіссөздер жүргізілуде.

ЕО сондай-ақ гендерлік жалақы айырмашылығын қысқартуға мүмкіндік беретін жалақының ашықтығы ережелері арқылы әйелдердің еңбек нарығына қатысуын қолдайды. Мысалы, компаниялардағы атқарушы емес директор лауазымдарының кем дегенде 40%-ын әйелдердің иеленуін белгілейтін ЕО ережелеріне ұсыныс бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Комиссия Еуропалық Жастар жылында жас ұрпақ пен оның алдында тұрған проблемаларға ерекше көңіл бөліп отыр. Мысалы, Жастар кепілдігі және ALMA жаңа бастамасы арқылы жұмысы, білімі немесе кәсіби даярлығы жоқ жастарға еңбек нарығында жолын табуға көмектесуде.

ЕО-дағы жастардың сандық жұмыс платформалары арқылы жұмыс істеу мүмкіндігі бар. Еуропа комиссиясы жақында олардың еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған заңнаманы ұсынды. Сондай-ақ, Еуропа Одағының адамдардың құқықтары мен қадір-қасиетінің сақталуын қамтамасыз ететін лайықты еңбек жағдайларын ілгерілетуде жетекші рөлге бейілділігін растайтын Дүниежүзілік лайықты еңбек коммуникациясы ұсынылды.

Еуроодақтың осы уақытқа дейін бекітілген барлық қалпына келтіру жоспарлары әлеуметтік мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етеді, деп атап өтті Еурокомиссия. Бұл ретте, ЕО әлеуметтік шығындарының 20,4%-ы жұмыспен қамтуды және біліктілікті қолдауға бағытталған, оларды іске асыру жалғасуда.

Бұдан бөлек, Еуропалық әлеуметтік Плюс қоры (ESF+) 2021-2027 жылдар аралығында адамдар, олардың жұмыс орындары және дағдыларын инвестициялау үшін 99,3 млрд еуроға жуық қаржы бөледі.

Еуропалық комиссия Уақытша қорғау директивасы күшіне енген кезден бастап мүше мемлекеттерге Украинадан келген босқындардың білім алу, денсаулық сақтау, тұрғын үй және жұмыс құқықтарын тиімді пайдалануын қамтамасыз етуге көмектесті. Осыған байланысты Еурокомиссия «REACT-EU» бағдарламасы бойынша ЕО-ға мүше мемлекеттерге 3,5 млрд астам еуро көлемінде аванстық төлем жасады.


Соңғы жаңалықтар