Еуроодақта базалық мөлшерлеме 3% дейін өсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Еуропа орталық банкі үш негізгі пайыздық ставканы 50 пункте көтерді. Енді Еуроодақта базалық мөлшерлеме – 3% құрайды. Бұл 2008 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

ЕОБ басшысы Кристин Лагард банк инфляция салдарын төмендету үшін кредит көрсеткішін одан да әрі көтере беруге дайын екенін жеткізді.

«Инфляция қысымын ескере отырып, наурыздағы ақша-кредит саясаты бойынша отырыс кезінде біз пайыздық мөлшерлемені тағы да 50 базалық пункте көтермекпіз. Содан кейін ақша-кредит саясатымыздың одан кейінгі бағытын бақылаймыз. Пайыздық мөлшерлемені рестриктивті дәрежеде сақтау уақыт өте келе сұранысты ұстап тұру арқылы инфляцияны қысқартады, сондай-ақ инфляциялық болжамның өсу қаупінен қорғайды», - деді ЕОБ төрағасы Кристин Лагард.
Энергия тасымалдаушылар бағасының төмендеуіне қарай, Еуропа орталық банкі қаңтардағы жылдық инфляция қарқыны 9,2 пайыздан 8,5-ке төмендегенін тіркеді. Дегенмен бұл көрсеткіш реттеуші бекіткен мақсаттан бірнеше есе жоғары: Еуроаймақтағы инфляция 2% дәрежесіне қайтуы керек, делінген хабарламада.


Фото: ru.euronews.com

Соңғы жаңалықтар