Еуроодақ Сириядағы жағдайды реттеу мақсатында конференция өткізеді

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – 2021 жылғы 29-30 наурызда Еуропалық Одақ «Сирия мен аймақтың болашағын қолдау» тақырыбында бесінші Брюссель конференциясын өткізеді. Іс-шара виртуалды форматта өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«Қақтығыс әлі де жалғасуда, Сирия мен аймақтағы жағдай өте қиын, ал COVID-19 пандемиясының салдары және өткен жылы бүкіл аймақтағы экономикалық жағдайдың нашарлауы елдегі қиын гуманитарлық жағдайды одан әрі күрделендіріп жіберді», – делінген Еуропалық комиссияның хабарламасында.

Брюссель конференциялары көптеген жылдар бойы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2254 резолюциясына сәйкес, келіссөздер арқылы БҰҰ-ның халықаралық қоғамдастығы мен БҰҰ-ның Сирия қақтығысын реттеу жөніндегі арнайы уәкілінің күш-жігерін қолдайтынын көрсетті.

Еуропалық бастамалар сириялықтарға қаржылық қолдау көрсетеді және азаматтық қоғаммен диалогты тереңдетуге ықпал етеді.

Еурокомиссия Сириядағы саяси шешімге қол жеткізу үшін және барлық сириялықтарға жарқын болашаққа жағдай жасауға көмектесу мақсатында Еуроодақ Сирия халқын қолдайтынын, қолда бар құралдарды жұмылдыруды жалғастырады деді.

Авторы: Арнұр Рахымбеков


Соңғы жаңалықтар