Еуроодақ ресейліктерге виза беруді қысқарту мүмкіндігін талқыламақ

None
None
БРЮССЕЛЬ. ТАСС-ҚазАқпарат – 31 тамызда Еуроодақ Сыртқы істер министрлері Ресейдің барлық азаматына виза беруді азайту үшін Шенген визалық кодын өзгерту мүмкіндігін талқылайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«ЕО-ның барлық елі Ресей азаматтарына беретін Шенген визалары санын айтарлықтай қысқарту мүмкіндігі мәселесін бірқатар мемлекет, атап айтқанда Эстония мен Финляндия ЕО Сыртқы істер министрлерінің алдағы бейресми кездесуінде көтереді. Шенгендік визаларды ұлттық негізде беруді толығымен тоқтатуға мүмкіндік бермейтін Шенген кодексін өзгерту, ЕО елдерінің қазіргі ұлттық құзыреттері аясындағы ықтимал келісілген әрекеттері мәселесін де талқылайтын боламыз», - деп түсіндірді Брюссельдегі дипломатиялық корпус өкілі.

Дипломат сонымен қатар Шенген кодексін қайта қарау ұзақ заңды процесс екенін, негізгі визалық өкілеттіктер Брюссельдің емес, мүше елдердің қолында болғандықтан, ол нәтижеге кепілдік бермейтінін түсіндірді. Сондықтан ЕО елдері Ресейге қарсы визалық шектеулерді ең алдымен қосымша мемлекетаралық келісімдер деңгейінде енгізеді.


Фото: tass.ru



Соңғы жаңалықтар