Еуроодақ Ресейден көмір жеткізуге эмбарго жариялау ұсынысын мақұлдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуроодаққа мүше 27 елдің өкілдері Ресейдің Украинаға басып кіруіне жауап ретінде санкциялардың бесінші раунды аясында Ресейден көмір жеткізуге эмбарго енгізуге және Ресей кемелері үшін ЕО кемежайларын жабуға келісті.

Бұл туралы ЕО кеңесінде мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Ресейге қару-жарақ экспорттауға тыйым салынады.

Шектеулер ресейлік жүк тасымалына, кейбір ресейлік тауарлар, атап айтқанда, жоғары технологиялық тауарлардың импортына әсер етеді және бірқатар ресейлік банктердің активтері тоқтатылады. Санкциялар тізімінде кәсіпкерлер, журналистер және әскери қызметкерлер бар. Шаралар пакеті жұма күні жарияланады.

Осы күні Еуропарламент Ресейден газ, мұнай және көмір импортына эмбарго енгізуді талап етті.

Еуропалық парламенттің резолюциялары Еуропалық Одақтың атқарушы органдары үшін міндетті емес. Еуропарламент депутаттары Еуроодақ Кеңесін «құжатта аталған Ресей агрессиясының эскалациясының күшеюіне сәйкес келетін қатаң санкциялар қабылдауға» үндеді.


Соңғы жаңалықтар