Еуроодақ Ормузда ұсталған британ кемелеріне қатысты пікір білдірді

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропалық Одақ Иранды Парсы шығанағында ұсталған британ танкерін дереу босатуға шақырды. Мұндай мәлімдемені сенбі күні Еуропалық Одақтың сыртқы саяси қызметінің ресми өкілі жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иран тарапының екі кемені Ормуз бұғазында құрықтауы айтарлықтай алаңдаушылық туғызады», - делінген мәлімдемеде. ЕО-ның сыртқы саяси қызметі «оқиғаның бұлай өрбуі онсыз да шиеленсікен жағдайды ушықтырып, қазіргі шиеленісті реттеуге бағытталған жұмысқа кедергісін келтіруі мүмкін» екенін ескертті.

«Біз шиеленіс жалғаспауы үшін кемені және ондағы команданы тез арада босатып, ұстамды болуға шақырамыз. Кеме қатынасында еркіндік сақталуы тиіс», - делінген құжатта.

Айта кетейік, Ормуз бұғазында Иран Ислам Республикасы сақшыларының корпусы халықаралық теңіз ережелерін бұзғаны үшін британдық танкердің ұсталғанын хабарлаған болатын.


Соңғы жаңалықтар