Еуроодақ өкілі мен Оттава мэрі қазақстандықтарды Наурызбен құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыртқы істер министрлігінің Telegram gfhf0ifcyslf қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтаған бейне-лебіздер толастар емес, деп хбарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бельгиядан құттықтау жолдаған Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Петер Буриан COVID-19 пандемиясы екі арадағы достық байланысты әлсірете алмайтынын айтты.

«Құрметті достар! Сіздерді Еуропалық Одақ атынан Нарузы мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстан халқына бақыт, береке және мықты денсаулық тілеймін. Бүгін елдеріміз COVID-19 пандемиясымен және оның салдарымен күресіп жатқан кезеңде Наурыз мейрамының мәні ерекше арта түседі. Еуропалық Одақ жақсылық пен қиындықта да Қазақстанның мықты әріптесі болатынына сендіргім келеді. Осынау қиын кезеңде, салмақты тәуекелдер туындауына байланысты екі арадағы ынтымақ сынға түсіп жатыр. Бұл сын-қатерлерді бірлесіп қана еңсере аламыз. Бұл дағдарыс бізге арадағы қатынасты басынан бастап, жаңаша құруға мүмкіндік береді. Жоғалтқанды табу, өкініштердің орнын толтыру Наурыз мейрамының рухымен де үндес. Бұл жыл жаңару мен жанданудың жылы болсын», - деді Еуроодақ өкілі.

Ал Париж қаласынан сәлем жолдаған Иран Республикасының ЮНЕСКО жанындағы тұрақты өкілі Ахмад Пакатчи Алматыда қызметте болған күндерін сағына еске алатынын айтады.

«Наурыз мейрамын қазақ халқы қалай тойлайтынын өз көзіммен көру әрі қатысу мен үшін зор мүмкіндік болды деп есептеймін. Алматыда дәріс берген жылдарымды, сүйікті қаланы және мейірімді достарымды ыстық естелік ретінде жиі еске алып отырамын. Сондықтан мен Қазақстанды, оның халқын және оның мәдениетін біліп қана қоймай, оны құрметтеймін және сүйемін. Наурыз мейрамын тойлау Шығыстағы бірнеше халыққа ортақ дәстүр. Сол ұлттардың қатарына Қазақстан мен Иран бар. Менің айтайын дегенім, Наурызды халықаралық бейбітшілік пен бауырластыққа шақыратын шабыттандырушы дәстүр ретінде көру маңызды деп ойлаймын. Алдымен мен екі ел арасында кездесетін кейбір символдық құныдылықтарға тоқталғым келеді. Наурыз біз үшін достықты, сүйіспеншілік пен құнарлылықты білдіреді. Дәстүр бойынша біздің ұлттарымыз Наурызда туыстары мен достарына бару қажет. Олар бір-біріне келер жылға және ұзақ болашаққа деген жақсы тілектерін білдіреді. Мысалы, ирандықтар арасында кең таралған бір сөз бар. «Мен сізге бүгіннен бастап тағы 100 жыл жақсылық тілеймін». Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстан халқына қазіргі жағдайдан жақсы тағы 100 жыл тілеймін. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!. Ақ мол болсын», - дейді ЮНЕСКО өкілі

Чехияның Карлова университетінің ректоры Томаш Зима да қазақстандықтарға ізгі тілгені жолдапты.

«Наурызда Қазақстан халқына мықты денсаулық тілеймін. Пандемияның қиын кезеңін еңсерулерңізіге тілектеспін. Өмірлеріңізде қуаныш пен оптимизим көп болсын», - дейді чехиялық ғалым.

Канада астанасының мэрі Джим Уотсон да Оттавадан құттықтау жолдады.

«Дәл қазір бірге болу мүмкін емес болғанына қарамастан, бүкіл қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтау мен үшін ғанибет»,- дейді қала басшысы.

Ұлыс күніне арнап ыстық пейілдерін білдірушілерге жат елде жүрсе де, тілі мен дәстүрін ұмытпаған қандастарымыз да қосылып жатыр. Ресейден «Мөлдір» Сібір қазақтары орталығының» төрайымы Алтынай Жүнісова өз лебізін арнады.

«Құрметті бауырлар, қандастар, достар! Баршаңызды жаңару мен теңдіктің мейрамы Наурыз мерекесімен құтықтаймыз. Біз қазақ тарихының бел ортасындағы қасиетті Омбы жеріненбіз. Бұл кешегі хан-сұлтандар – Шоқан мен Әлихан, Мағжан мен Смағұл, Сәкен мен Қошке аялдаған қала. Екі елдің ынтымағына осы тұлғалар ерекше әсер ете береді. Мәдениетіміз, ұлттық дәстүрмізі жарқырап көріне берсін! Қазақстан-Ресей байланысы жаңа сапалы деңгейге көтеріле берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Туған, ана тіліміздің тұғыры биіктей берсін», - тілегін білдірді.


Соңғы жаңалықтар