Еуроодақ коронавирусқа қарсы вакцинаны экспорттауға тыйым салуды ұзартты

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Еуроодақ қоғамдастыққа мүше елдерден арнайы рұқсат алмай, өз аумағынан жаңа коронавирусқа қарсы вакцинаны экспорттауға салған тыйымды маусым айының соңына дейін ұзартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Еурокомиссияның (ЕК) жиналысында айтылды.

«Бүгін комиссия COVID-19 вакциналарын экспорттаудың ашықтығы мен авторизациялау механизмінің жұмысын маусымның соңына дейін ұзартты», – делінген Еуропалық комиссияның хабарламасында.

Белгілі болғандай, бұл шешім «ЕО-ға вакциналардың кейбір жеткізілімдеріндегі тұрақты кідірістерге» байланысты.

Бұған дейін хабарланғандай, Еуроодақ елдерінде наурыз айының соңына дейін жеткізілуі ықтимал Pfizer/BioNTech компаниялары вакцинасының қосымша 4 млн дозасын алуға мүмкіндігі болады.


Соңғы жаңалықтар