Еуроодақ коронавирус пандемиясына байланысты Орталық Азияға қолдау көрсетті

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Орталық Азия елдерінің Сыртқы істер министрлерімен бейнеконференция өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі Еуроодақтың дипломатиялық қызметі сайтына сілтеме жасап.

Бейнеконференция барысында бірқатар өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасылды. Атап айтқанда, Орталық Азия бойынша ЕО Стратегиясын іске асыру, коронавирус пандемиясының салдары мен аймақтық ынтымақтастық, соның ішінде Ауғанстанмен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Жозеп Боррель ЕО атынан пандемияға байланысты Орталық Азияға батыл қолдау білдірді.

Еуроодақ Орталық Азиядағы кейбір елдерге (Қырғызстанға, Тәжікстанға және Өзбекстанға) көмектесу үшін 123 млн еуро бөлген. Еуропа инвестициялық банкі мен Еуропа қайта құру және даму банкі өз тарапынан коронавирусқа байланысты өңір үшін несиелік қаражат «пакетін» бөлді.


Соңғы жаңалықтар