Еуроодақ Қазақстанды Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропалық одақтың баспасөз қызметі Еуроодақ ресми өкілінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтауын жария етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Еуропалық одақ Қазақстан Республикасын мемлекеттік тәуелсіздігін жария еткеніне  25 жыл толуымен құттықтайды. ЕО Қазақстандағы өзгерістерді қолдайды және Қазақстан халқы үшін осы ұстанымды жалғастыра бермек. Біз Орталық Азия бойынша ЕО стратегиясы және серіктестік пен ынтымақтастықты кеңейту туралы Келісім негізінде елдің дамуы, тұрақтылығы мен қауіпсіздік мүдделеріндегі  ұзақ мерзімді қарым-қатынасты сақтап қалғымыз келеді. Біз келесі жылы Қазақстанда өтетін EXPO-2017 көрмесіне сәттілік тілейміз», - делінеді хабарламада.

Атап өтілгендей, 4 қазанда Брюссельде ЕО-Қазақстан серіктестік кеңесі жаңа келісімге қол қойғаннан кейін алғаш рет өткізілген. Бұл кеңес уақытша келісімдерді қабылдауға, сондай-ақ барлық салалардағы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға жол ашты.

«Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүшелікке кіруі әртүрлі форумдар аясында ортақ жұмыстар атқаруымызға, сондай-ақ өңірлік және жаһандық қауіпсіздік мәселелері төңірегінде диалог құруымызға мүмкіндік береді», - деп хабарлады ЕО. 

Соңғы жаңалықтар