Еуроодақ Қазақстанда өлім жазасына тыйым салынуын құптауда – ЕО өкілі Петер Стано

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – «Еуроодақ Қазақстанда өлім жазасына тыйым салынуын құптауда». Бұны Бельгиядағы ҚазАқпарат тілшісіне пікірін білдірген ЕО өкілі Петер Стано айтты.

- 2021 жылғы қаңтардың 2-сінде Қазақстан Азаматтық және саяси құқық жайлы халықаралық пактінің Екінші факультативтік протоколына ратификация жариялады, осылайша 88-ші мүше мемлекет атанды.

Бұл протокол елде өлім жазасын біржола жояды. Өлім жазасы – адамшылыққа жат, қатал үкім.

Еуропалық одақ Қазақстанның бұл қадамын құптайды, себебі ол қатал жазадан бас тарту жайлы әлемдік тенденциямен үндеседі, - деді П.Стано.

Соңғы жаңалықтар