Еуроодақ іштен жанатын қозғалтқышқа қатысты талапты жұмсартты

None
Фото: AP Photo/Michael Probst,
АСТАНА. ҚазАқпарат – Германия Еуроодақтың іштен жанатын қозғалтқышқа қатысты талапты жұмсартуына қолжеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Брюссель іштен жанатын қозғалтқышты автокөліктерді 2035 жылдан кейін де тіркеуге қоюға рұқсат берді, бірақ олар жаңа көміртекті-нейтралды синтетикалық отынмен жүруі шарт.

Наурыздың басында ірі өнеркәсіпке ие Германия келесі онжылдықтың ортасына қарай іштен жанатын қозғалтқышты жаңа автокөліктер мен фургондар сатылымына тыйым салу туралы қаулыны блокқа қойды.

Берлин электр отынымен жүретін автомобильдерді бөліп қарау керектігін талап етті. Олардың баламалы қуат көздерін пайдалану арқылы жасалып, өнеркәсіп қызметі нәтижесінде түзілетін көмірқышқыл газын тұтып қалатынына қарай көміртекті-нейтралды екенін алға тартты.

Қазір мұндай отынды премиум-класс автокөліктерін шығарушы неміс пен италиян компаниялары насихаттап жүр.


Соңғы жаңалықтар