Еуроодақ ішінде еркін жүру үшін 3 талапты орындау керек

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Осы аптада Бельгия үкіметі Covid-19 вирусына қарсы вакциналаудың еуропалық цифрлы сертификатын енгізу мәселесін талқылауын жалғастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еуропа одағы мен Бельгия өз сертификаттарын рәсімдеуін ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін аяқтауы тиіс, бұл азаматтардың ЕО аумағында еркін жүруін жеңілдетеді.

Еуроодақ ішінде еркін жүрудің міндетті талаптары белгілі болды.

Атап өткенде, олар үшеу:

- коронавирусқа қарсы вакцина алу

- жақында ғана жасалған ПТР-тест теріс нәтижесі

- вирусқа қарсы антидене, яғни белгілі бір иммунитеттің болуы.

Еуроодақ деңгейінде бұл талаптар 20 мамырда келісілген.

Өткен демалыс күндері Бельгияның инфекциялық аурулар жөніндегі сарапшысы Натан Клумек олардың Бельгияда да қолданылатынын растады.

«Бір де бір ел осы талаптарға сәйкес келмейтін саяхатшыны қабылдамайды», - деп мәлімдеді Бельгия сарапшысы.

Бұдан басқа, Бельгия КВИ бойынша «қызыл» аймақтан елге оралғандар үшін ПТР-тест талап ететуін жалғастырады.


Соңғы жаңалықтар