Еуроодақ елдері жазғы және қысқы уақытқа көшпейтін болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуроодақ елдері 2019 жылдың қазан айынан бастап жазғы және қысқы уақытқа көшпейтін болады. Бұл туралы Еуроодақтың көлік комиссары Виолетта Булк Брюссельде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

4,5 млн еуропалық қатысқан сауалнама нәтижесі бойынша, халықтың 84 пайызы сағат тілін ауыстыруға қарсы. Бұл шешім осы жылдың соңына дейін нақты қабылданып, кейін оны Еуропарламент пен Еурокомиссия мақұлдауы тиіс. «Алайда процесс екі жылға дейін созылуы мүмкін», - дейді мамандар. Естеріңізге сала кетейік, Еуроодақ елдері 1996 жылдан бері жазғы және қысқы уақытқа көшіп отырған. Содан бері уақыттың 60 минут артқа не алға жылжуы адам денсаулығы мен экономикаға кері әсерін тигізеді деген дау-дамайлар басылар емес.

«Жазғы және қысқы уақытқа көшуді тоқтату керек. Бұл іс Еурокомиссияның құзыретінде. Еуроодақ елдерінің мүшелері мәселені шешу керек. Біз не жазғы уақытта қаламыз, не болмаса тағы бір рет қысқы уақытқа көшіп, 2019 жылдан бастап уақытты өзгертпейміз», - деді Еуроодақтың көлік комиссары Виолета Булк.

Соңғы жаңалықтар