Еуроодақ екпе сертификаты бар тұрғындардың жүріп-тұру ережесін жеңілдетуді жоспарлап отыр

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропалық Одақтың жалпы мәселелер жөніндегі кеңесі COVID-19 пандемиясы жағдайында ЕО тұрғындарының жүріп-тұру шаралары туралы жаңартылған ұсыным қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпаоат меншікті тілшісі.

Бұл ұсыныс ЕО-да вакцинация көрсеткішінің айтарлықтай өсуіне және COVID-19 вакцинациясы туралы сандық сертификаттың тез енгізілуіне ықпал етеді.

Құжат 2022 жылдың 1 ақпанында күшіне енеді. Жаңа ұсынымға сәйкес, азаматтардың вакцинация туралы құжаты болса, бір елден екінші елге еркін бара алады, сонымен қатар ПТР-тест тапсырудан босатылады.

«COVID-19-бен күресу шаралары вирус аймақтық деңгейдегі жағдайды емес, әр адамның жеке мәртебесін ескере отырып қолданылуы керек» - делінген Кеңес хабарламасында.

Саяхатшының вакцина алғаны, тест тапсырғаны немесе COVID-19-дан жазылуы шешуші фактор болады.

COVID-19 вакцинасынан жарамды сандық сертификаты бар адамдар еркін жүріп-тұрып, қосымша шектеулер қойылмауы тиіс. Өз кезегінде, ЕО сандық сертификаты жоқ адамдар сапарға дейін және келгеннен кейін 24 сағат ішінде тест тапсыруы керек.

«Біз эпидемиологиялық жағдайды емес, вакцина алған ба, жоқ па, ауырып жазылған ба, жеке мәртебесін ескереміз. Шектеулер вакцина салдырмағандар үшін қала бермек», - деді француз министрі Клемант Бон.

Авторы: Арнұр Рахымбеков


Соңғы жаңалықтар