Еуроодақ экономикалық болжамдарын қайта қарайтынын мәлімдеді

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еурокомиссия Украинадағы соғыстың салдарына байланысты осы және келесі жылдарға арналған экономикалық болжамдарын қайтадан қарайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews.com. сайтына сілтеме жасап.

«Біз биыл экономикалық өсім айтарлықтай тұрақты екенін көріп отырмыз. Дегенмен, келесі жылдарға болжамдарды қайта қарауға тура келеді. Өйткені көптеген белгісіздіктер мен тәуекелдер бар, өкінішке орай, инфляция жағымсыз тосынсыйлар әкелуде», - деді Еуропалық комиссияның экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті Валдис Домборвскис.

Экономикалық өсімге әсер еткен екі жылдық пандемияға қарамастан, Домбровскис қазіргі уақытта құлдырау белгілері жоқ деп сендірді. Мамыр айында Еуроаймақтың ЖІӨ 2,7%-ға өсуі болжанды. Бір айдан кейін жылдық ағын 8,6% жаңа рекордқа жетті.


Фото: arianikhesab.com
Соңғы жаңалықтар