Еуроодақ Азиямен ынтымақтастықты кеңейтуге кірісіп жатыр

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - ЕО Сыртқы істер министрлері дүйсенбі күні Люксембургте өткен отырыста Еуропа мен Азия ынтымақтастығының стратегиясын мақұлдады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«Бұл стратегия 18-19 қазанда Азия-Еуропа саммитінде (АСЕМ) ұсынылады», - деп атап өтті ЕО Кеңесі баспасөз қызметі.

ЕО Кеңесінің тұжырымдарында аталып өтілгендей, Еуроодақ Азиямен тұрақты, жан-жақты және ережелерге негізделген өзара байланысты нығайтуға ниет білдіріп отыр.

Бұл серіктес елдердің өмір сүру сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізуге және адамдардың жеке құқығын құрметтеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ЕО Кеңесі Еуроодақ пен Азия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар