Еурокубок ойындары: Қазақстандық клубтардың 3-кезеңдегі қарсыластары анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында сынға түсіп жатқан қазақстандық командалардың үшінші кезеңдегі ықтимал қарсыластары анықталды. Биыл Чемпиондар лигасында елордалық «Астана», Еуропа лигасында Алматының «Қайрат» және Қостанайдың «Тобыл» командалары сынға түсіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб пәтерінде Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Чемпиондар лигасында сынға түсіп жатқан елордалық «Астана» 24 шілдеде өз алаңында Данияның «Мидтьюлланн» командасын қабылдайды. Ал 1 шілдеде Данияда қарымта ойын өткізіледі. Бұл жұптың жеңімпазы жарыстың үшінші іріктеу кезеңінде  «Динамо» Загреб (Хорватия) және «Хапоэль» Беэр-Шева (Израиль) жұбындағы жеңімпазымен кездеседі. Жарыстың келесі сатысына шыққан жағдайда «Астана» алғашқы ойынын 7 тамызда өз алаңында өткізсе, 14 тамызда қарсыласына қонаққа барады.

Еуропа лигасында ел намысын қорғайтын «Қайрат» екінші іріктеу кезеңінде Голландияның АЗ (Алкмаар) командасымен кездесетіні белгілі. Бұл ойындар 26 шілде мен 2 тамыз күндері болады. Жеңімпаз команда үшінші іріктеу кезеңінде Чехияның «Сигма» клубымен шеберлік байқасады. Олармен қос ойын 9 және 16 тамыз күндері болады. Осы Еуропа лигасында сынға түсіп жатқан тағы бір қазақстандық команда «Тобыл» екінші іріктеу кезеңінде Арменияның «Пюнигімен» ойнайтынын жанкүйерлер жақсы біледі. Қос команда 26 шілде мен 1 тамыз күндері жасыл алаң төрінде мықтыны анықтайтын болады. Жеңімпаз 9 және 16 тамыз күндері жарыстың үшінші іріктеу кезеңінде «Маккаби» Тель-Авив (Израиль)  және «Раднички» (Сербия) командаларының жеңімпазымен жолығады. 

Соңғы жаңалықтар