Еурокомиссия Mastercard-қа 570 млн еуро айыппұл салды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропа комиссиясы Mastercard төлем жүйесіне ЕО антимонополиялық ережені бұзғаны үшін 570 млн еуро айыппұл салды. Бұл туралы сейсенбі күні жарияланған коммюникеде айтылған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

«Еуропа комиссиясы Mastercard төлем жүйесіне ЕО антимонополиялық ережелерін бұзып, басқа банктердің ұсынған жақсы шарттарын сатушылардың қолдануына шектеу қойғаны үшін 570 566 000 еуро айыппұл салды», - делінген хабарламадаү.

Сатып алушы дүкенде немесе Интернет арқылы сауда жасағанда дебет немесе несие картасын қолданған кезде, сатушы банкі (банк-эквайер) карта иесінің банкіне - банк-эмитентке комиссия төлейді. Банк-эквайер өз кезегінде барлық тұтынушылар үшін, тіпті қолма қол ақшамен төлейтіндерге де комиссия сомасын қоса есептеп, ортақ бағаны шығарады.

Mastercard ережелері бойынша банк-эквайерлер сатып алушы тұратын елде банкаралық комиссияларды қолдануға міндеттеген. Еурокомиссия 2013 жылы тексеру жүргізуді бастап, сатушылардың Mastercard арқылы төлем жасағанда банк қызметтері үшін көбірек ақы төлегенін анықтаған.

Автор: Тимур Дюсекеев

Соңғы жаңалықтар