Еурокомиссия 2019-2020 жылдарға жасаған мұнай бағасының болжамды бағасын төмендетті

None
None
БРЮССЕЛЬ.ҚазАқпарат - Еуропа комиссиясы 2019-2020 жылдарға жасаған мұнай бағасына қатысты болжамын өзгертті. Бұл туралы реттеушінің сейсенбіде жарияланған көктемгі экономикалық болжамында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Биыл Еурокомиссия Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы барреліне 69,2 доллар болады деп болжады, бұл ведомствоның былтырғы қараша айындағы бағалауынан 14 пайызға төмен.

Сонымен қатар, Brent мұнайының 2020 жылғы болжалды бағасы да бөшкесіне 67,8 доллар делініп өзгертілді. Қараша айындағы құжатта бұл 76,7 доллар деп көрсетілген.

Еурокомиссия бұл қадамын былайша түсіндіреді, биыл Венесуэла мен Иранға салынған америкалық санкция факторы Канаданың мұнай өндіруін қалпына келтіріп, АҚШ-тың тақтатас (сланец) мұнайының экспортын ұлғайтады.

Сонымен бірге, ведомство биылғы жылғы әлемдік ЖІӨ өсіміне қатысты болжамын төмендетіп, 3,2 пайыз етіп белгіледі, ол былтырғы қарашадағы құжатта 3,5% болған еді. 2020 жылы Еурокомиссия әлемдік экономика өсімін 3,5% дейін қарқын алады деп көрсетті.

«Сыртқы салада тауарлық кикілжіңдер одан әрі шиеленісе түседі, дамушы нарықта әсіресе Қытайда жағдай ушыға түседі». Еурокомиссияның хабарламасында Еуро және әлеуметтік диалог мәселелері бойынша еурокомиссар Валдис Домбровскистің сөздері келтірілген.

Сонымен қатар, Еурокомиссия еуроаймақтың биылғы ЖІӨ өсіміне қатысты болжамын азайтты. Еуроаймақ экономикасы 2019 жылы 1,2 пайызға ғана өседі. Көктемде ғана Еурокомиссия биылғы өсімді 1,3%, ал 2018 жылғы қараша айындағы болжамында 1,9 пайыз деп көрсеткен еді.


Авторы Тимур Дүйсекеев

Соңғы жаңалықтар